Ханчжоуда өтетін Азия пара ойындарында спортшыларымыз қанша алтын жүлде алуы мүмкін?

Қазақстанның ұлттық командасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия пара ойындарына жақсы дайындықпен бара жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Биыл 6 алтын жеңіп аламыз деп үміттеніп отырмыз», - деді спикер баспасөз конференциясында. 

Вице-министр осы жылы жаңадан 5 спорт түрі қосылғанын атап өтті. Ұлттық құрамалар Азия пара ойындарына дайындықты пысықтау мақсатында 44 оқу-жаттығу жиынын өткізді.

2018 жылы Джакартада өткен Азия Пара ойындарына қазақстандық команда 9 спорт түрінен қатысып, 5 алтын, 15 күміс, 13 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 13-орын алды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады