«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Krisha.kz сайтында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының сатылатыны туралы жарнама жарияланған болатын.

2gis

Астана, NEGE. Кейіннен аталмыш жарнаманың жалған екені белгілі болды.

Сауда ойын-сауық орталығының баспасөз қызметі Tizgin.kz редакциясына бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Хан шатырдың»17 млрд 250 млн теңгеге сатылатыны туралы хабарландыру тарап кеткен еді.

Хан Шатыр – Астана қаласында орналасқан ірі ойын-сауық және сауда орталығы. Ол 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады