Хаменоваға қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды деп хабарлайды AtyrauPress.

Алматы, NEGE. 14 қараша күні айыпталушылар соттағы соңғы сөздерін сөйледі. Бұл ең қысқа өткен сот отырысы болды. Судья Жұмағали Ташимов сот үкімі 15 қараша күні сағат 10.00-де оқылатынын айтты.  

Айта кетейік, алдыңғы отырыста мемлекеттік айыптаушы Лаура Асанова Бақытгүл Хаменоваға мүлкін тәркілеп, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Айыптаушы тарап облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті жеті жылға, пара берді деп күдікке ілінген жеке компанияның басшысын төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.