Halyk Bank-ті тонау ісі: Ресей азаматтары қамауға алынды

Halyk Bank-ті тонау ісі бойынша төрт Ресей азаматы ұсталған.

Артем Викторов/Kazinform

Астана, NEGE. Иваново қаласының соты Павлодардағы банкті тонау ісі бойынша Ресейдің үш азаматын қамауға алып, тағы біреуін үйқамаққа жіберді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Еске салсақ, белгісіз адамдар 2024 жылғы 11 қарашаға қараған түні қабырғаны бұзып кіріп, Halyk Bank бөлімшесіне заңсыз енген. Нәтижесінде бағалы бұйымдар мен ақшалай қаражат ұрланған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр