Карикатура: "Халықтың арқасында..."

Депутат:


Өзіңіз көтердіңіз "Мәке" мені,
Әуелде сорым құрғыр екі елі еді.
Сіздің сөз кей жерлерге өтпегенде,
Әп сәтте аяқ тайып кетер еді.

Министр:
"Дәке" деп жүгіргендер бар қасыңда,
"Баяғым қайда" деме жар басында.
Қанжығаңды майлап ал, бәрімізде
Асап жүрміз халықтың арқасында.

P.S. Болады мұндай "ғажап" әр ғасырда,
Семіртер елді сөзбен алғашында.
Ешегі судан өтіп алғаннан соң,
Ішіп-жейді халықтың арқасында!

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды