Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді

Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 7 маусымнан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл шешім Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес қабылданған.

Шымкент, NEGE. Енді ХҚКО азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайтын болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚКО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

ХҚКО-ға барған кезде қашықтық пен бетперде тағу талаптарын сақтауды сұраймыз.