Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті

2021 жылдың 15 шілдесінен бастап Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті.

 

Шымкент, NEGE. Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдады. Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Сенбі-жексенбі демалыс.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында, ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGov mobile қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады