Халықаралық турнир: «Сарыарқа» екінші орын алды

Қазақстандық «Сарыарқа» шайбалы хоккейден құрлықтық кубогы финалдық сатысын екінші орынмен аяқтады.

Алматы, NEGE. Аталған турнирдің екінші ойынында қазақстандық клуб Данияның «Ольборг Пайретс» командасын 4:1 есебімен сүріндірді.

Ойын барысында «Сарыарқа» сапынан Сергей Барбашев (4-минут), Степан Грымзин (31-минут), Андрей Яковлев (35-минут) және Никита Аноховский (60-минут) мергендік танытты. Оған даниялық клубтан Йен Эдмондсон (45-минут) бір голмен жауап қайырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Сарыарқа» бірінші ойынында Польшаның «Краковия» командасына 1:2 есебімен жол берді. Құрлықтық кубок ойындары 1998 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

2018/2019 жылғы кезеңде қазақстандық «Арлан» (Көкшетау) аталған турнирде жеңімпаз атанды.

Ал 2016/2017 жылғы кезеңде «Бейбарыс» (Атырау), 2017/2018 жылғы кезеңде «Номад» (Нұр-Сұлтан) күміс жүлдеге қол созды.

Сондай-ақ, 2007/2008 жылғы кезеңде «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) үздік үштікті түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды