Халықаралық Олимпиада комитетінің жаңа вице-президенттері тағайындалды

Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 136-сессиясында ұйымның жаңа вице-президенттері тағайындалды деп жазады Olympic.kz.

Алматы, NEGE.  Олимпиадалық қозғалыстағы маңызды лауазымдардың бірін Австралия Олимпиада комитетінің президенті Джон Коутс иеленді. Ол координациялық комиссиясының да басшысы саналады.

 Сондай-ақ, Сингапур өкілі Сер Мианг Нг да вице-президенттік қызметке келді. Олар Угур Эрденер мен Хуан-Антонио Самаранчты алмастырған. 

ХОК кеңесіне Микаэла Кожуанко Яворски (Филиппин) мен Херардо Вертхайн (Аргентина) да сайланғанын айта кеткен жөн.  Аталған жиын видеоформатта өткізілді.   

Қазір оқып жатыр

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

Bloomberg: Қазақстанда қаржы компанияларынан тек Aitu-ды қолдану талап етілуде

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті