Халықаралық іздеудегі қылмыскер ұсталды

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

Алматы, NEGE. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау қаласының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол қалада уақытша тұру үшін тіркелгісі келген. Оның құжаттарын тексеру барысында полиция халықаралық іздеуде екенін анықтаған. 32 жастағы ер адамға Молдовияда жасалған қылмыс үшін айып тағылған болатын. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 291-бабы «Пара беру» бойынша жазасы кесілген. Бір жыл бұрын Ресейдің заң органдары оны халықаралық іздеуге жариялаған еді. Қазіргі уақытта оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»