Халықаралық гүлдер фестивалі өтеді

Өзбекстанда халықаралық гүлдер фестивалі өтеді, деп хабарлайды ӨзА.

Алматы, NEGE. «22 мамырда Наманган қаласында 61-ші Халықаралық гүлдер фестивалі басталады. Екі аптаға созылатын фестивальде республиканың және шетелден келген дарынды гүл өсірушілер, икебана өнерінің шеберлері, ландшафт дизайнерлері гүл өсірудегі шеберліктерін көрсетеді», – делінген агенттік таратқан хабарламада.