Халықаралық рейстердің жолаушылары duty free тауарларын тегін алып өте алады

Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасы FlyArystan әуе компаниясының қол жүгінде duty free дүкендерінен алынған тауарларды тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізуге қол жеткізді.

Pixabay

Алматы, NEGE. Әуе компаниясының қызметін талдау барысында duty free саудасынан сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қатысты шектеулердің заңға қайшы екені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде FlyArystan өз ішкі қағидаларын түзетті.

2025 жылғы 1 қазаннан бастап халықаралық рейстердің жолаушылары duty free тауарларын қол жүгінде тегін алып өте алады. Жаңартылған құжат әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады.

Прокуратурада мұндай өзгерістер заңнаманы бірыңғай қолдануды қамтамасыз етіп, жолаушылар үшін түсінікті жағдайлар қалыптастыратынын және әуе компаниясы жұмысының ашықтығын арттыратынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр