Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады
Сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың нақтылауынша, 12 млрд доллар – Қазақстанның NCOC консорциумынан өтемақы ретінде өндіріп алуды көздеген жалпы сомасының бір бөлігі ғана.
Астана, NEGE. Қазақстан Қашаған кен орнын игеруге жұмсалған даулы шығындар бойынша North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына қатысушы компаниялардан шамамен 20 млрд доллар өндіріп алмақ болған.
Алайда арбитраж Қазақстанның 2011-2015 жылдар аралығындағы шығындарды өндіріп алу туралы талабын тым кеш бергенін анықтаған. Дегенмен шамамен 8 млрд доллар болатын қалған талаптарды күшінде қалдырған.
Айта кетейік, мұнымен Қазақстан мен Қашаған кен орнын игеруші шетелдік инвесторлар арасындағы көпжылдық дауға нүкте қойылған жоқ. Қазақстан 150 млрд доллардан астам өтемақы өндіріп алуға күш салып жатыр. Соның ішінде алынбай қалған пайдаға, кен орнын игеру кезінде шығындардың жоспардан асып кетуіне, экологиялық заңбұзушылықтарға және сыбайлас жемқорлыққа қатысты болуы мүмкін мәмілелер бар.
Ал консорциум құрамына ExxonMobil, Eni, Shell, TotalEnergies, «ҚазМұнайГаз», Қытайдың CNPC компаниясы және Жапонияның Іпрех компаниясы кіреді.