Халық санағы бір жылға шегерілді

Ұлттық халық санағын жүргізу техникалық себептерге байланысты бір жылға шегерілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Алматы, NEGE. «Бастапқыда Ұлттық халық санағы 2019 жылы өтуі керек деп жоспарланған, бірақ техникалық мәселелерге байланысты ақпараттық жүйені жасап үлгермедік. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу мәселесін шешуге, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты сұрақтарды шешіп үлгермегендіктен, бір жыл кейінге шегердік»,  –  дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.

Еске салсақ, биыл қазан айында Ұлттық халық санағы өтеді, ол екі кезеңнен тұрады. Санақты өткізуге бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, биылғы халық санағында қағаз қолданылмайды.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды