Халық көп жиналатын орындарда теракт жасамақ болған 19 адам қамауға алынған

Бүгін Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

Алматы, NEGE. Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері бірқатар лаңкестік қылмыстың, соның ішінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы халық көп жиналатын орындардың бірінде жасалмақ болған террористік актіге тосқауыл қойылғаны жөнінде баяндады. Берілген мәлімет бойынша 19 адам қамауға алынған.

Терроризмге қарсы орталық штабының жұмысын үйлестіру кезінде террорлық қатерлерге қарсы іс-әрекет шараларын жетілдіру үшін жаттығу жиындары мен дайындықтар өткізілген. 

Сонымен қатар, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің барлау әрекеттеріне қарсы іс-қимыл операциялары жүзеге асырылған. Анықталған бірқатар факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.