Халық қатысатын бюджет: Түрксіб ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді
Түрксіб ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 56 жоба жүзеге асырылып отыр.
Алматы, NEGE. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескеріп, Түрксіб ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 56 жобаны, оның ішінде жалпы пайдалану орындарын абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын жайластыру, жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарға енген.
Қосымша қаржыландыру туралы шешімді қала әкімі Ерболат Досаев бағдарламаның тиімділігі мен қала тұрғындарының пікірлерін ескере келе қабылдаған. Қаланың барлық 8 ауданына қосымша 7 млрд теңгеден берілді.
«Аталған қаражатқа 56 жобаны, оның ішінде жалпы пайдалану орындарын абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын жайластыру, жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда. Анықтама үшін: бөлінген қаражат шеңберінде (813,3 млн теңге) жыл басында 26 жоба іске асырылатын болады. Қосымша қаражатты ескере отырып, жалпы аудан бойынша 82 жоба іске асырылады», - деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, Жас -Қанат шағын ауданының тұрғындарымен халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында туындаған сұрақтар бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Шағын аудан белсендісі Ардақ Шинтемирова ағымдағы жылы бағдарлама бойынша тұрғындардың тиісті қолдауына ие болған және бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобаны ұсынды.
Көше жарығымен қамтамасыз етілген демалыс орындарын құру, орындықтар мен қоқыс тастайтын жәшіктерді орнату, сондай-ақ қосымша көгалдандыру жұмыстары қарастырылған. Қазіргі таңда нақты аумақтарды анықталып жатыр.
Конкурс нәтижелері бойынша мердігер ұйым анықталды және жақын арада жұмысқа кіріседі. Жоба тұрғындардың пікірін ескере отырып іске асырылатын болады.
Сонымен қатар Түрксіб ауданында үнемі су басатын орындар жойылады.
Мамыр айында ауданда жайлы қалалық орта құру аясында үнемі су басатын 8 орынды жою жұмыстары аяқталды. Қалған 2 мекенжай бойынша жұмыс қолға алынған.
Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың шілде айы. Сонымен бірге, қала әкімдігі Түрксіб ауданының 57 көшесінің 41 км арық желісін салу және реконструкциялау жобасын іске асырып отыр.