Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бойынша дауыс беру аяқталды

«Халық қатысатын бюджет» бойынша дауыс беру аяқталды.

Алматы, NEGE. Биыл Алматыны абаттандыру бойынша 897 өтінім келіп түсті. Негізінен Әуезов, Наурызбай және Жетісу аудандарының тұрғындары белсенділік танытты. 

Үздік ұсыныстардың арасында ойын алаңдарын салу мен жөндеу, аулаларды абаттандыру, көгалдандыруға қатысты бастамалар бар. 

Биыл барлығы 195 жоба іске асыруға жіберілді. Ең көп дауыс жинағандары осы жылы қаржыландырылып, жүзеге асырылады.

ХҚБ жобасы жүзеге асқан бес жылдан бері алғаш рет екінші жартыжылдықта өтінім қабылдаудың екінші циклі басталады. Екінші цикл аясында ең көп дауыс жинайтын жобалар келесі жылы жүзеге асырылады.

Дауыс беру нәтижесін және іске асыруға жіберілген жобалар тізімін budget.open-almaty.kz сайтынан көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қандай жобаларда қаржы пирамидасының белгілері бар?

Астанада балабақша құрылысы негізсіз созбалаңға салынған

СҚО-да қаңырап бос тұрған тубдиспансерді 1 млрд теңгеге сатпақ

Наурыз мерекесі қарсаңында жүзден астам қосымша әуе рейстері ашылады