Халық карантин режимін сақтамаса, мамырдың ортасына дейін созылуы мүмкін

Карантин режимін сақтамаса, қатаң шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Алматы, NEGE. Министрінің айтуынша, бұл індеттен құтылу оңай болмай тұр. Сәуірдің ортасы мен мамырдың басында шарықтау шегіне жетуі мүмкін. Сондықтан карантиннің созылуы індеттің көбеюі немесе азаюына байланысты. Шыдамдылық танытқан қазақстандықтарға алғысым шексіз. Эпидемияның өршіп кетпеуін барынша қадағалауға ұстадық. Бұл жағынан көрсеткішті Ресеймен салыстыра аламыз. Бізге халықтың қолдауы керек. Карантинді біршама жеңілдетіп жатырмыз. Біраз кәсіпорындар жұмысқа кірісті. Соған қарамастан, мамыр айының аяғына дейін бақылауда ұстау керек" деді министр. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды