Халық банк: Клиенттеріміз қашып жатқан жоқ
ýsan Bank-ке ауысып жатыр дейді. Бұл рас па? Анықтап берсеңіздер» деп өтініш айтқан. Тілшіміз екі банкке де сұрау салып, жауап алды.
Халық банкі Nege.kz-ке берген ресми жауабында «бюджет қызметкерлері Jýsan Bank-ке жаппай ауыса бастады» деген ақпараттың шындыққа сай келмейтінін хабарлады.
«Желтоқсан айының басындағы жағдай бойынша жалақы проектілері бойынша клиенттеріміз кетіп жатқан жоқ» деді банктің маркетинг пен PR департаменті басшысының орынбасары С.Шункеев.
Халық Банктің мәліметінше, банктің қолданыстағы карточкалар саны 9 миллион және оның ішінде бюджет қызметкерлерінің қомақты үлесі бар.
Қараша айының ортасында «жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлері, оның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлер жалақыны Jýsan Bank арқылы алады екен» деген сыбыс тарап, бюджет қызметкерлері аталған банктегі банкомат желісінің аздығына қатысты алаңдаушылық білдірген-ді.
Jýsan Bank өкілі Nege.kz порталына жазған жауабында қазіргі таңда банк арқылы жалақы алатын азаматтар саны мен олардың өсу қарқыны жөнінде ақпарат бере алмады. Бірақ көптеген мекемелердің банкке қызығушылық білдіріп отырғанын айтты.
Nege.kz