Халық жазушысы Исраил Сапарбай қайтыс болды

Халық жазушысы, ақын Исраил Сапарбай 85 жасына қараған шағында өмірден өтті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақынның таңғы сағат 04:00 шамасында Қаскелеңдегі үйінде ауыр науқастан қайтыс болғанын Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов хабарлады.

«Бүгін таңнан суық хабар жетті. Таңғы сағат төрт шамасында 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады», – деп жазды Қасымхан Бегманов.

Исраил Сапарбай қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар, ұлт руханиятына өлшеусіз мұра қалдырған көрнекті қаламгер еді.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты