«Халық қатысатын бюджетке» өтінім қабылдау басталды

9-25 қыркүйек аралығында Алматы тұрғындары бағдарлама аясында аудан, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша идеясын ұсына алады

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 18 жастан асқан Алматы  қаласының тұрғыны абаттандыруға жобасын ұсына алады. Егер идеяны қаланың басқа тұрғындары қолдаса, қалалық бюджет есебінен 2025 жылы жүзеге асырылады.

Қала тұрғындары ұсынысын budget.open-almaty.kz интернет-порталы арқылы тіркей алады. Өтінімде жобалық ұсыныстың атауы мен сипаттамасы, орналасқан жерінің мекенжайы, болжалды фотосуреттерді, схема немесе эскизді, жобалық ұсыныстың сметасы болуға тиіс. Бір өтінім 92,3 млн теңгеден (25 мың АЕК) аспауы керек.

Аудандық әкімдіктерде және Open Almaty әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде 224 39 29 (ішкі. 203) кеңес алуға болады.



Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?