Хакерлер Microsoft сервері арқылы мәліметтер ұрламақ болған

АҚШ-та Microsoft компаниясының бағдарламалық құрылымының әлсіздігінен 30-дан астам ұйымның мәлімметтері қолды бола жаздады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Пскаи мәлімдеді. Мәселе бірлестіктің «Иксчейндж Сервер» деп аталатын бағдарламалық жүйесімен байланысты болып отыр. Бірнеше күн бұрын қытайлық хакерлер осы жүйенің пошталарын шабуылдап, түрлі ұйымдардан жұқпалы ауруларға қатысты ақпарат алмақ болған. Ол үшін хакерлер ұрланған құпия сөздерді пайдаланып, серверлерді қашықтан басқаруға тырысқан. Қытай тарапы айыптардың бәрін жоққа шығарып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті