Хакерлер журналист Асхат Ниязовтың және оның туыстары мен әріптестерінің WhatsApp нөмірлерін бұғаттап тастады

Хакерлер журналист Асхат Ниязовтың және оның ата-анасының, әйелі мен әріптестерінің WhatsApp нөмірлерін бұғаттады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Достар, менің WhatsApp-ым бұғатталды. Түнде менің әйелім, анам, әкем және (әріптесім) Назымгүлдің WhatsApp желісі де бұғатталып қалды», - деді Асхат Ниязов Instagram парақшасында.

Журналистің әлеуметтік желілеріне шабуыл 2023 жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Кейін ол Telegram-ға кіре алмай қалғанын хабарлаған. Бұдан бөлек, оның Youtube арнасындағы видеоларына қорқыту мақсатындағы сын-пікірлер мен балағат сөздер жазылған. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті