Хахазов дүнгендерге үндеу жариялады

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан мәжіліске сайланған депутат Шәкір Хахазов Қордайдағы дүнгендермен кездесті.

Алматы, NEGE. Қордайдағы қазақтар мен дүнгендердің арасындағы дауға байланысты мәжіліс депутаты Шәкір Хахазовтың дүнген ұлтының өкілдерімен кездесіп, қазақ халқымен ауызбіршілікте болуға шақырған үндеуі желіде жарияланған. 

Үндеуде қандастарын бейбіт өмір сүруге шақырған. 

«Әңгіменің турасын айтатын болсақ, біз дүнгендер дәулетті тұрамыз, ақшамыз бар. Жұмысты да жақсы істейміз. Бір-бірімізді бағалай білеміз. Бірақ, сол ақша бізді бұзып жатыр. Жолда жарысамыз, жылдамдықты асырамыз, көлікті жолдың ортасына қалдырамыз, базарда саудаласамыз. Осы дұрыс па?» - дейді Хахазов видеода. 

Ол дүнгендерге өтініш жасады.

«Егер сіздердің әрекеттеріңіз заң бойынша дұрыс болып, қателескен болса, өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді. Артық әңгіменің қажеті жоқ. Түсінікті ме? Өсек айтуды қойыңыздар! Керек болса, тізе бүгуге әзірмін. Өзім қарапайым дүңгеннің бірі ретінде айтайын, қазақ – бауырмал халық. Сондықтан олар туралы жаман ойламаңыздар! Мен қазақ халқы үшін жан беруге әзірмін. Бар тілегім, бір-бірімізге деген сыйластық жоғалмаса екен. Мен сіздерді  жақсы көремін. Қателіктер үшін кешірім сұраймын», – деді Ш.Хахазов.

Ол ел арасында арандатушылықтың әлі де болатынын, сондықтан оған еріп кетпеуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады