Хабиб Нурмагомедовтың әкесі қайтыс болды

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов дүниеден озды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Telegram-каналында мәлімдеді.

«Достар, Абдулманап Нурмагомедовтің дүниеден өткені туралы қайғылы хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына шын жүректен көңіл айтамын! Ол арамыздан кетіп, артында жақсы ат қалдырды және лайық ұрпақ өсірді!», – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедовтің 25 сәуірде Дағыстанда ауруханаға түсіп, пневмония диагнозы қойылғаны хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді