Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегормен екінші рет кездесуге дайын

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Мәскеуде өткен баспасөз жиыны кезінде Конор МакГрегормен екінші рет кездесуге дайын екенін айтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Еске салайық, бұл екі спортшының арасындағы бірінші кездесу 2018 жылы 6 қазанда өтіп, ресейлік спортшы қарсыласын қылқындырып тастады.

«Конормен екінші кездесу мен үшін қызық па? Гэтжиден кейін мен кез келген спортшымен кездесуге дайынмын. Бірақ олар бірінші Дастин Порьені жеңіп алсын. Егер оны ешкім жеңе алмаса, Жорж Сен-Пьерді күтемін. Бұл мықты кездесу болатын еді. Өйткені Жорж соңғы рет 2007 жылы жеңілді. Ал менің карьерам 2008 жылы басталды. Біз екеуміз де 25 жыл жеңілмедік. Алдағы уақытта мұндай үлкен жекпе-жекті ешкім ұйымдастыра алмайтын шығар. Егер Сен-Пьер қайта оралғысы келмесе, Конор Порьені жеңіп алсын, сосын біз кездесеміз. Себебі, қазір Порье басты үміткер. Мен оны жеңдім. Енді кезек Конорда», - деді Нурмагомедов.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін қазан айында Абу-Даби қаласында өткізеді. Оның келесі қарсыласы Дастин Гэтжи болады. 

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған