Хабиб Нурмагомедов Геннадий Головкинді назардан тыс қалдырды

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов кімді әлемде ең мықты боксшы деп есептейтінін айтты. Файтер атаған төрт боксшының ішінде қазақстандық Геннадий Головкин жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы. NEGE. Sky Sports арнасына берген сұхбатында ол ең мықты боксшылар тізіміне украиналықтар Василий Ломаченко мен Александр Усик, мексикалық Сауль Альварес және британиялық Тайсон Фьюриді қосқан екен. Өз таңдауын Нурмагомедов Ломаченконың америкалық Теофимо Лопестен жеңілмей тұрып айтқан еді.
"Олардың арасында ең мықты кім екенін айту қиын. Мен Усик пен Фьюридің жекпе-жегін көргім келеді, бұл тамаша айқас болар еді. Усиктің дағдылары жақсы, бірақ, Фьюри де мықты. Дегенмен Усик ауыр салмақтағы өзге боксшыларға ұқсамайды. Оның техникасы керемет, физикалық дайындығы да, аяғымен жақсы қимылдайды", - дейді Нурмагомедов. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған