«Хабар» тікелей эфирде сайлауалды пікірсайыстарды көрсетеді
Дебатты «Хабар» агенттігі ұйымдастырады. Пікірсайыс тікелей эфирде өтеді.
Алматы, NEGE. Сайлауға қатысатын бес бірдей партия осы күні өз серкелерін анықтап үлгерген. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері пікірсайыс кезінде партияларға тең мүмкіндік беріледі деп сендірді. Ал трансляцияны телеарнаның ресми YouTube-аккаунты мен сайтынан көруге болады.
Телевизиялық пікірсайыстарға қатысушылардың құрамы мынадай:
1) «ADAL» саяси партиясынан – партияның саяси кеңесінің мүшесі Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы;
2) «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан – партия төрағасы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;
3) «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясынан – партия төрағасы Бектаев Әли Әбдікәрімұлы;
4) Қазақстан Халық партиясынан – партия төрағасы Қоңыров Айқын Ойратұлы;
5) «Nur Otan» партиясынан – партия төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы.