Гвинея шығанағында пираттар кемеге шабуыл жасады

Сенбі күні Гвинея шығанағында пираттар Rowayton Eagle жүк кемесіне шабуыл жасаған. Бұл туралы ҚазАқпарат теңіздегі қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Dryad Global порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы, NEGE. Шабуыл кезінде кеме Аккрадан (Гана) оңтүстікке қарай 200 теңіз милясында орналасқан. Құрғақ жүк таситын кемеге көтерілген пираттар саны туралы дерек жоқ. Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, кеменің экипажы арнайы орнатылған бөлімінде жасырынып үлгерген. Кеме Маршалл аралдарының туымен жүзіп жүр, оны тіркелімге сәйкес АҚШ компаниясы басқарады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр