Гуттериш Мьянмадағы ахуалды сынға алды

Мьянмадағы ахуал ушығып барады. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының саммитінде сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшысы бұл елдегі жағдайды қатаң сынға алды.

Алматы, NEGE. Антониу Гутерриштің айтуынша, 2021 жылы әскерилер билікті басып алғалы елдегі зорлық-зомбылық күшейіп кеткен. Адам құқықтары тапталып, гуманитарлық ахуал апатты жағдайға жеткен. Бұдан бөлек Гутерриш бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалуы халықаралық құқық бойынша әскери қылмыс саналуы мүмкін екенін де айтты. Осыған байланысты БҰҰ бас хатшысы саяси тұтқындарды босатып, демократияға бет бұруға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті