Ғұсман Қырғызбаев екі дүркін Олимпиада жүлдегерін жеңіп, ширек финалға шықты

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 66 келі салмақта белдесетін Қырғызбаев екінші жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионаты, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті.

Жекпе-жек басталған бетте Ғұсман «ваззари» ұпайын еншілеген болатын. Отандық спортшы сол басымдықты кездесу соңына дейін ұстап тұрды.

Париж Олимпиадасының ширек финалында Ғұсман Қырғызбаев франциялық Валид Хиярмен белдеседі.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды