Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Әлем чемпионатында Олимпиада чемпионына есе жіберді

Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде жүлдесіз қалды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Еске салайық, 14 маусымда ел намысын тек Ғұсман Қырғызбаев қорғады.

Ол ширек финалда жеңіліп, жұбаныш белдесуінде өнер көрсетті.

Егер бұл белдесуде жеңіске жетсе, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алар еді.

Алайда Қырғызбаев қос бірдей Олимпиада чемпионы, жапониялық Хифуми Абэден айласын асыра алмады.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана жүлде бар. Бір күн бұрын 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медаль иеленген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады