Гүлжан Ерғалиева. Президент күні

Танымал журналист, оппозиция белсендісі Гүлжан Ерғалиева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай

әлеуметтік желідегі парақшасына ерекше құттықтау жазды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы президент болғанда әкеміз шешеме былай деп қалжыңдаған: «Шапырашты бауырыңа құттықтап бар, қуанышты екеніңді айт. Балаларға пәтерді мен ғана жұлып ала беруім керек пе?». (Қонаевтың тұсында әкем үш пәтерді жұлып алып берген – әжеме, бауырыма және маған).

Г.Ерғалиева

Нәтижесі қалай болды? Назарбаевтың тұсында мен оппозицияға кеттім, кіші бауырым – биология ғылымының кандидаты жұмысынан айырылды, балалардың бірі эмиграцияда, бірі күзетші, енді бірі мүлдем жұмыссыз... Бүкіл ел бойынша осындай жағдай.

Қасым-Жомарт Кемелұлы президент болғанда Сәкенге былай дедім: «Бәлкім, сендердің жалайырларың – алматылық, мектептесің, интеллигент және дипломат елде бір өзгеріс жасайтын шығар?».

Көп сөйлемейтін күйеуім «Көреміз!» деп қысқа қайырды.

Енді міне, болашаққа үмітпен қарап отырмыз, Президент мырза!».

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды