Гүлсая Ержан Азия чемпионатында чемпион атанды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында (U-22) алтын медаль жеңіп алды.
Алматы, NEGE. Гүлсая Ержан (81 келі салмақта) қарсыласы болған тай қызы Порниппа Чутиден басым түсті.
Бұған дейін жартылай финалда жеңілгенімен, 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында мына қыздарымыз қола жүлдегер атанды: Мөлдір Тойкова (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі) және Дана Дидай (75 келі).