Гүлнара Каримованың «Сиджак» демалыс орны сатылады

Ташкент облысы Бостанлык ауданындағы «Сиджак» демалыс орны саудаға шығарылады. Бұл иелік кезінде Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримованың меншігі болған.

Алматы, NEGE. «Сиджак» демалыс орны 5,38 гектарды алып жатыр. Оны жекешелендіру жұмыстары басталып кетті. Мұнда қонақ үйлер, спорт алаңдары, үш бассейн, екі бұрқақ, коттедж, амфитеатр, суға секіру мұнарасы және басқа да құрылғылар бар. Мүлік Ташкент облыстық сотының 2017 жылдың 10 ақпанындағы шешімімен мемлекет меншігіне алынған. 2019 жылы бұл орын Триатлон федерациясына берілген. Федерацияны Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаров басқарады.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі