«Гүлмира Сатыбалды ұсталды»
Orda.kz сайтының жазуынша, Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалдыны Антикордың орталық аппаратының қызметкерлері ұстаған. Бұл туралы сайтқа дереккөз хабарлаған.
Алматы, NEGE. Бірер күн бұрын Қайрат Сатыбалдының ұсталғаны ресми хабарланған-ды. Гүлмира Сатыбалдының да басы даудан арылған емес. Оны «рейдерлікпен айналысты» дейтіндер аз емес. Жуырда Баян Алагөзова да күйеуінің бизнесін Г.Сатыбалдының қалай тартып алғанын айтамын деп уәде еткен еді.
Әзірге Г.Сатыбалдының ұсталғаны ресми хабарланған жоқ.