Гүлмира Сатыбалды ұрлау ісі бойынша жәбірленушімен келісімге келді
Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.
Алматы, NEGE. Іс бойынша жәбірленушілер – «Maxi Bottlers» ЖШС акцияларына ие болған Айгүл Мекешева, сондай-ақ кәсіпкер әрі «Galanz bottlers» АҚ құрылтайшысы Тұрсенғали Алагөзов екені белгілі.
Сот отырысында Айгүл Мекешева Гүлмира Сатыбалдымен және басқа да процеске қатысушылармен медиациялық келісім жасасты.
«Біз медиация келісімін жасадық. Іс материалына тіркеуді сұраймыз. Бес тарап қол қойды. Олар: Гүлмира Сатыбалды, Асқар Жүсіпов, Мәди Батыршаев, Рашид Өтебеков, Айгүл Мекешева және Бектібаев. Біз Жүсіповтің Galanz Bottlers компаниясының 46,75% үлесін беруіне келістік. Өз кезегінде Айгүл Мекешева бұл акцияларды қабылдайды, талаптардан бас тартады, ал Батыршаев іс бойынша келтірілген залалды өтеу үшін Maxi Bottlers компаниясының жарғылық капиталындағы 25% үлесін береді», – деді сотталушының адвокаты Әсемгүл Даниалова.
Алайда, Тұрсенғали Алагөзовтің тарапы бұл іске медиация келісімін енгізуге қарсылық білдірді.