Гүлмира Сатыбалды үй қамаққа жіберілмейтін болды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша алдын-ала тыңдау Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында өтті.

Алматы, NEGE. «Қорғаушылардың Сатыбалды мен Батыршаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтату, істі Қылмыстық-процестік кодектің 320-бабына сәйкес прокурорға қайтару және бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштері қанағаттандырылмайды. Бұған дейін қабылданған шешім өзгеріссіз қалады», - деді Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Кемеңгер Имашев.

Сондай-ақ, судья Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі сотта қарау 14 наурызда болатынын мәлім етті.