Гүлмира Сатыбалды Қазақстаннан қашып кетпек болған
Гүлмира Сатыбалдының атышулы қылмыстық ісіне қатысты алдын ала тыңдау барысында жаңа жайттар анықталды.
Алматы, NEGE. Анықталғандай, күдікті Қазақстаннан қашып кетпек болған. Бір қызығы, оның бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалды да елден қашпақ болған кезде ұсталған.
Алдын ала тыңдау кезінде сотталушының адвокаты Әсел Рабатова Гүлмира Сатыбалдының ана және әже екенін айтып, бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады.
Іс бойынша прокурор Альмира Қожахметова бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ екенін айтып өтті. Өйткені сотқа дейінгі іс жүргізу барысында «сотталушы Гүлмира Сатыбылды шекарадан өтпек болған» фактілер анықталған.
Тақырыпқа орай: Қайрат САТЫБАЛДЫНЫҢ сүйікті «ГҮЛШЕТАЙЫ» кім?
Еске салайық, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі адам ұрлады және Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.
Айта кетейік, оның бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалды колонияда жазасын өтеп жатыр.