Гүлмира Сатыбалдының денсаулығы нашарлауына байланысты сот отырысы кейінге қалды

Алматыда Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісі Мәди Батыршаевтың ісі бойынша сот талқылауы кейінге қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Сотталушылар мен олардың адвокаттары кезекті сот процесіне онлайн форматта қосылды. Гүлмира Сатыбалды судьядан денсаулығына байланысты сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады.

«Біз сот отырысына онлайн қосылғанан кейін қорғаумыздағы адамның аллергиясы ұстап қалғанын білдік. Оған антигистаминдік препараттар енгізілді. Қазір оның бүйрегі қатты ауырып тұр. Қазір оған дәрігер таба алмай жатыр, өйткені ол еңбек демалысында екен. Сондықтан Гүлмира Сатыбалды сот отырысын кейінге қалдыруды сұрайды. Біз процесті созғымыз келмейді, алайда ол шынымен қатты ауырып қалды», - деді сотталушының адвокаты Әсемгүл Даниалова.

Судья Мартпек Кәкімжанов сотталушының денсаулығына байланысты сот отырысын кейінге қалдыруға мәжбүр болғанын айтты.

Осылайша, сот отырысы 27 тамызға шегерілді.

Қазір оқып жатыр

LRT екі аптада 1 млн жолаушыны тасымалдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды