«Гүлдер» ансамблі қайта құрылады

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Әлем саз» атты халықаралық деңгейдегі жобаны бастады. Фестиваль аясында әртүрлі елдерден келген музыканттар, бишілер, аспапшылар, аспаптанушылар өз өнерлерін ортаға салады. Бұл туралы мекеме директоры Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар еліміздің брендіне айналған «Гүлдер» ансамблі қайта жаңғыртылып, «Қазақконцерт» аясында ашылады. Күрделі және кәсіби іріктеуден өткен жас талантты музыканттар, бишілер қазір дайындалып жатыр. Ансамбльдің тұсаукесері желтоқсан айында өткізілмек. 

Сондай-ақ, биыл балалар жылына орай бірқатар жоба қолға алынды. 

«Арман асулары» атты ерекше қажеттіліктері бар инклюзивті талантты жастарға арналған жоба әкімшіліктермен және қоғамдық қорлардың қатысуымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар Балалар филармониясы жазғы кино атты жобаларды жас бүлдіршіндерге ұсынуда. Жаз бойы 25 мыңнан астам бала «Қазақстан» орталық концерт залында отандық, кино, анимациялық туындыларды тамашалады», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ