Гуанчжоу-Алматы бағытында ұшып келе жатқан ұшақта жолаушы қайтыс болды

Қайғылы жағдай 11 желтоқсан күні Гуанчжоудан Алматыға ұшып келе жатқан ұшақта болған.

pixabay.com

Астана, NEGE. Көліктегі полиция департаменті бұл факт бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген ведомство хабарламасында.

Желіде тараған ақпараттарға сәйкес, марқұм онкологиямен ауырған.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды