Грузияның министрлер кабинеті ел президентін сотқа берді

Грузия министрлер кабинетінің баспасөз қызметі үкімет мүшелері республика президенті Саломе Зурабишвилидің үстінен Конституциялық сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді, – деп хабарлайды mk.ru сайты.

Алматы, NEGE. Үкімет аппаратының басшысы Реваз Джавелидзенің айтуынша, Конституциялық сотқа жүгінуге президенттің үкіметтің ұсынысымен бірқатар елдерге елшілерді тағайындаудан бас тартуы себеп болған. Ал елшілерді тағайындау және оларды босату Грузия президентінің конституциялық құзыретіне жатпайды.

«Грузия үкіметі елшілер мен дипломатиялық миссиялардың басшыларын тағайындау және босатуға қатысты президент пен Грузия үкіметі арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты конституциялық шағымды түсіндіруді сұрайды» делінген сотта.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ