Грузияның жаңа президенті Михаил Кавелашвили ресми түрде қызметіне кірісті

Инаугурация салтанаты парламент ғимаратында өтті. Ол ант қабылдағаннан кейін Грузияның мемлекеттік әнұраны орындалды.

Видеодан алынған кадр

Алматы, NEGE. 14 желтоқсан күні  парламентте өткен сайлауда Кавелашвили «Грузин арманы» партиясынан кандидат ретінде 300 дауыстың 224-ін жинап, жеңіске жетті. Салтанатқа депутаттар, үкімет өкілдері, сот органдарының басшылары қатысты. Және, шетелдік елшіліктердің өкілдері қатысқан жоқ.

Кавелашвилидің қызметке кірісуімен Саломе Зурабишвилидің президенттік өкілеттігі аяқталды. Дегенмен,  ол өз қызметінен кетпейтінін мәлімдеп, қазіргі парламентті заңсыз деп танып, өзін елдің заңды басшысы деп жариялады. Премьер-министр Ираклий Кобахидзе егерс Зурабишвили резиденцияны босатпаса, оны күшпен шығарып, қамауға алу мүмкін екенін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді