Грузиядағы наразылық шеруі кезінде 100-ден аса адам қамалды

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қақтығыс кезінде он полиция қызметкері жараланды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олардың бірі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Шерушілер қаланың инфрақұрылымына зақым келтірген, атап айтқанда, тосқауылдар қойған, парламенттің есіктері мен бақылау камераларын зақымдап, бірнеше рет өрт шыққан. Салдарынан полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына мойынсұнбаған шерушілер қамалды.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили полициядан шерушілерге күш қолданбауды өтінді.

Тбилисиден басқа Гори, Телави, Лагодехи, Кутаиси, Зугдиди және Батуми сияқты бірнеше қалада шерулер жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды