Грузияда шахтада жарылыс болып, 10 адам зардап шекті

Жарылыс бірнеше уақыт бұрын Ткибулиде (Имерети өңірі) Миндели көмір кен орнында болған. Бұл туралы Новости-Грузия сайты хабарлады.

Астана. NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған кенші зардап шеккен, оның екеуінің жағдайы ауыр. «Формула» телеарнасы «Бірлескен ұлттық қозғалыс» партиясының өкілдігіне сілтеме жасай отырып жеті адамның зардап шеккенін хабарлады.

«Сакнахшири» оператор компаниясы журналистерге оқиғаның болғанын және бірнеше адамның зардап шеккенін растады. Қазіргі уақытта компания өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бүгінде Ткибулиде екі шахта – Миндели и Дзидзигури істеп тұр. Қалған 25 карьер 2018 жылдың шілдесінен бері тоқтап тұр. Ол кезде бірнеше рет апат болып, 12 жұмысшы қаза болған еді.

Ткибулидегі кен орны «Сакнахшири» (Грузуголь) компаниясына қарайды. Онда 1,2 мың адам жұмыс істейді, оның жартысы жер астында көмір өндіреді.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр