Грузияда Михаил Саакашвили ұсталды

Грузиялық БАҚ-тар елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің ұсталғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Желіде жарияланған видео кадрында полицейлер Саакашвилидің қолына кісен салып, Рустави қаласындағы түрмеге алып бара жатқаны көрсетілген. Оқиға орнына журналистер, Саакашвилидің адвокаты мен "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" белсенділері жиналған. 

Бұған дейін Михаил Саакашвилидің ұсталғаны туралы елдің премьер-министрі Ираклий Гарибашвили хабарлаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады