Грузияда қазақстандық бала іздестіріліп жатыр

Грузияда таулы аймақта жоғалып кеткен 13 жастағы қазақстандық жасөспірім үш апта бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Илья Пилпани қысқы демалысында Грузияда тұрып жатқан әкесіне қонаққа барған. Алайда карантин болғандықтан елге қайта алмайды. Сөйтіп, 18 шілдеде велосипедпен серуендеуге кетіп, қайтып оралмаған. Құтқарушылар маңайдағы 8 ауыл мен Сванетиядағы қараусыз тұрған барлық ғимаратты сүзіп шыққан. Жеті өзеннің арналары мен тау шатқалдары, жайылымдар мен ормандарды қараған. Бірақ бала әлі табылған жоқ.

Грузия төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Теймураз Мгебришвили: "Іздестіру жұмыстарына 80 құтқарушы, полиция бөлімдері, пилотсыз ұшақтар, су көліктері мен шекаралық полицияның тікұшағы жұмылдырылды. Қоғамдық қауіпсіздік орталығы барлық телефон нөмірлері мен хабарласу тетіктеріне Илья Пилпанидің фотосуреті мен үш тілде қысқа ақпарат жіберді. Азаматтарымызды бұл бала жөнінде қанда да бір дерек білсе, 112 нөміріне хабарласуын сұраймыз" деді.    

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді