Грузияда жоғалып кеткен қазақстандық өлі күйінде табылды

4 тамызда Тбилисиде жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бүгін Тбилисиде із-түзсіз жоғалып кеткен 27 жастағы Шыңғыс Мұсаәділовтің қаза тапқаны белгілі болды. Жігіт 4 тамызға қараған түні жоғалып кеткен еді. Оның мәйіті табылғанын марқұмның туыстары жергілікті БАҚ-қа хабарлаған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Шыңғыстың достарының айтуынша, оны соңғы рет жексенбіден дүйсенбіге қараған түні, шамамен сағат 03:00–04:00 шамасында, Тбилисидегі орталықтағы «Руставели» метро станциясына жақын орналасқан Laila клубының жанында көрген.

«Одан кейін ол үйіне келмеген, жұмысқа да шықпаған, ешкімге ескертпеген. Оның мұндайы жоқ болатын», – дейді әріптестері мен достары.

Осыдан кейін Шыңғыспен байланыс мүлде үзіліп, ол қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеген.

Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Жақындары мен туыстары Тбилиси полициясына арыз беріп, әлеуметтік желілер арқылы хабарландырулар таратты. 

Қазіргі уақытта Шыңғыс Мұсаәділовтің қазасының себебі белгісіз. Грузия құқық қорғау органдары әзірге ресми пікір білдірмеді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды