Грузия үкіметінің шектеуіне байланысты ұшулар шегерілді

Air Astana Грузияға халықаралық рейстердің 1 тамызға дейін кейінге қалдырылғаны туралы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Бұдан бұрын әуе компания Грузия үкіметінен 1 шілдеден бастап ұшуға руқсат алған еді. Алайда, кеше Грузияның Азаматтық авиация агенттігі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық халықаралық рейстердің 1 тамызға дейін тоқтатылатыны туралы телеграмманы әуетасымалдаушыға жіберді. Air Astana бұл бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға қолайсыздық тұғызғаны үшін кешірім сұрайды. 

Жолаушылар өз билеттерін 1 тамыздан басталатын рейстерге қайта брондап немесе рейстің бағытын Ыстанбұл немесе Антальяға ауыстыра алады (тариф айырмасын есепке алумен). 

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі